2013 жылдан бері
«Исмар-К» ЖШС «Керуен-2» бөбекжай балабақшасы
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал т.а, Абайдың 150 жылдығы көшесі, 14
Біз туралы
Біздің мектепке дейінгі мекеме 2013 жылдың қазан айынан бері жұмыс істейді: мұнда 2 жастан 6 жасқа дейінгі 80 бала 4 топта тәрбиеленеді. Балалармен өз жұмысын жақсы көретін білікті педагогтар ұжымы айналысады. Инновациялық бағдарламалар мен әдістер балаларыңыздың физикалық, зияткерлік, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан тиімді дамуына мүмкіндік береді. Біз әр ата-анаға құрметпен қараймыз. Балабақшамыз білім беру мен тәрбие үдерісін ұйымдастырумен шектелмей, өз құндылықтарын, тарихы мен дәстүрін бойына сіңірген азамат тәрбиелейді.
- Ашылған күні
- 2013 жылғы 12 қазан
- Жобалық қуаты
- 80 бала
- Топтар саны
- 4
- Оқыту тілі
- қазақ тілі
- Құрылтайшы
- Сыздыкова Асем Төкенқызы
Топтар
- 2–3жасКіші топ
- 3–4жасОртаңғы топ
- 4–5жасЕресек топ
- 5–6жасМектепалды даярлық тобы
Оқыту-тәрбиелеу үрдісі
Оқу-тәрбие жұмысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартындағы бес бағыт бойынша жүргізіледі.
Физикалық қасиеттерді дамыту
Дене шынықтыру сабақтары мен қимылды ойындар баланың денсаулығын нығайтады. Ептілік, шыдамдылық, дұрыс дене бітімі және қимыл үйлесімі қалыптасады.
Коммуникативтік дағдылар
Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет және сауат ашу негіздері арқылы баланың сөздік қоры байиды. Бала өз ойын анық жеткізуге, тыңдауға және әңгімелесуге үйренеді.
Танымдық және зияткерлік дағдылар
Математика негіздері мен қоршаған ортамен танысу баланың логикалық ойлауын дамытады. Балалар салыстыруды, топтастыруды және қарапайым себеп пен салдарды түсінуді үйренеді.
Шығармашылық дағдылар және зерттеу іс-әрекеті
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру және музыка баланың қиялын дамытады. Бала қарапайым тәжірибелер жасап, өз ойын шығармашылықпен көрсетуге үйренеді.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар
Бала өз сезімін түсінуге, достарымен тіл табысуға және ортақ ережені сақтауға үйренеді. Отбасына, туған елге, оның мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет тәрбиеленеді.
Артықшылықтар
Қауіпсіздік
- Бейнебақылау
- Күзет
- Балалар ойын алаңдары
5 реттік тамақтану
Үйірмелер
- Логопед
- Музыка
- Хореография
Байланыс
- Мекенжай
- Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал т.а, Абайдың 150 жылдығы көшесі, 14
- Телефон
- +7 701 387 73 87
- Keruensad-2@mail.ru
- Жұмыс уақыты
- 08:00–18:30
Балабақшаға жазылу телефон немесе WhatsApp арқылы.
WhatsApp-қа жазу Қоңырау шалу 2GIS картасында ашу